«Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі бойынша АПҚО-ның «Ішкі күш» бағдарламасы аясындағы 1-кездесу сәтті өтті! Тақырыбы: «Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» Ұзақтығы: 60 минут . Қатысушылар: 6–9 сынып оқушылары
Балалардың эмоционалдық әл-ауқатын арттыруды көздейтін «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасының алғашқы кездесуі шынайы қызығушылық пен жылы көңіл күйде өтті. Кездесу барысында жасөспірімдер өзара танысып, бір-біріне сеніммен қарауға, топта жайлы орта қалыптастыруға алғашқы қадам жасады.🔹 Кездесу мазмұны мен бағыттары:
• Қауіпсіздік рәсімі: Тыныс алу жаттығулары арқылы ішкі тыныштық пен сенімге бейімделу;
• «Өзгерістер желі» таныстыру ойыны: Қатысушылар ортақ қызығушылықтар арқылы өзара жақындасып, топтық байланысты нығайтты;
• Қауіпсіздік тақырыбын талқылау: Оқушылар «қауіпсіздік» ұғымын өз көзқарасы тұрғысынан ашып, қандай жағдайда өздерін жайлы сезінетінін бөлісті;
• «Көрінбейтін байланыс» жаттығуы: Жіпті қолдана отырып, қатысушылардың арасындағы көзге көрінбейтін, бірақ маңызды – сенім мен қолдау байланысы 📌 Қорытынды:
Кездесу барысында жасөспірімдер өз эмоцияларын тану мен білдірудің бастапқы дағдыларын меңгеріп, сенімді қарым-қатынас құрудың маңызын түсіне бастады. Топта жайлы атмосфера орнап, бір-бірін тыңдай білу, қолдау көрсету, түсіністік таныту секілді құндылықтар негіз бола білді. Бұл – алда болатын 4 кездесудің алғашқысы ғана. Алда балаларды өз ішкі күшін тануға, қиын сезімдерді жеңуге, жақындарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған қызықты әрі пайдалы жаттығулар мен сұхбаттар күтіп тұр. Балаларға арналған жадынама таратылды:«Эмоцияларды саналы түрде қабылдау дағдыларын дамыту» – сезімді түсіну, қабылдау, басқару және сенімді қарым-қатынас жасау жолдары ұсынылды.
Ер балаларға арналған "Жігер" клубының кезекті отырысы
2025 жылғы 16 қазанда Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде ер балаларға арналған «Жігер» клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды өмірлік қиындықтарға төтеп бере алатын, табанды әрі рухани мықты тұлға ретінде тәрбиелеу, сондай-ақ салауатты өмір салтына баулу болды.
Клуб отырысы барысында Жумабаев Е.У. «Қиындықта мойымаймын» тақырыбында бейнематериал ұсынып, қатысушыларға өмірлік қиындықтармен күресу, табандылық пен шыдамдылық таныту жолдарын түсіндірді. Ол өзінің сөзінде әлемге әйгілі мотивациялық спикер Ник Вуйчичтің өмір жолын мысалға келтірді. Дене мүмкіндігінің шектеулігіне қарамастан, өз тағдырын жеңіп, миллиондаған адамға үлгі бола білген Никтің өмірі – әр адам үшін үлкен мотивация екені атап өтілді. Бұл мысал оқушыларға жігер беріп, қиындықтардан қорықпай, өмірлік мақсаттарға жету жолында табандылық таныту қажеттігін ұғындырды.
Отырыстың келесі бөлімінде мектептің медициналық қызметкері Жапабаев Б.С. қатысушылармен ішімдік, нашақорлық және зиянды әдеттердің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Ол бейнероликтер арқылы зиянды әдеттердің ағзаға және психикалық денсаулыққа тигізетін әсерлері туралы баяндады.
Медициналық қызметкердің айтуынша, ішімдік пен есірткі заттары адамның жүйке жүйесін, жүрек, бауыр және ми қызметін әлсіретіп, ауыр тәуелділікке әкеледі. Мұндай әдеттер оқушының сабақ үлгеріміне, мінез-құлқына, жалпы өмір сапасына кері әсерін тигізетінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол жасөспірімдерге өмірлік дұрыс таңдау жасау, жағымсыз орталардан аулақ болу және кез келген күмәнді жағдайда ата-аналардан, ұстаздардан немесе медицина мамандарынан көмек сұрау қажеттігін еске салды. Медқызметкер салауатты өмір салты – жарқын болашақтың негізі екенін жеткізді.
Отырыс тәрбиелік мәні жоғары, мазмұны терең іс-шара ретінде ұйымдастырылды. Қатысушылар мотивациялық бейнематериалдар арқылы өмірлік маңызды ой түйіп, зиянды әдеттердің салдары туралы нақты ақпарат алды. Іс-шара оқушылардың рухани дамуына, өз-өзіне деген сенімнің артуына және дұрыс өмірлік бағыт қалыптастыруына оң әсерін тигізді.
"Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау" тақырыбындағы №1 сабақ өткізілді.
2025 жылғы 15 қазанда Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбындағы №1 сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – ата-аналарға баланың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жеке шекараларын сақтау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған күдік туындаған жағдайда дұрыс әрекет етуге қатысты білім мен дағдылар беру.
Іс-шара барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, жыныстық, немқұрайлылық), олардың бала дамуына әсері, сондай-ақ баланың жеке шекарасының қалыптасу ерекшеліктері туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сабақ құрылымы бірнеше кезеңнен тұрды:
• Кіріспе бөлімінде жүргізушілер қатысушылардың назарын аударуға бағытталған жаттығулар мен мотивациялық сұхбат жүргізді.
• Негізгі бөлімде ата-аналар топтық жұмыстар арқылы баланы қорғау жолдарын талқылап, жас ерекшелігіне сай қауіптерді анықтау мен әрекет ету механизмдерімен танысты. «Бастауыш сынып жасындағы қыз балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды дәріс оқылып, нақты мысалдар қарастырылды.
• Практикалық бөлімде кейс-ситуациялармен жұмыс жүргізіліп, «Бала не сезінеді?» жаттығуы арқылы ата-аналар баланың ішкі дүниесін түсінуге тырысты.
Сабақ соңында ата-аналарға баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде отбасының, мектептің және интернет ортасының маңыздылығы туралы қорытынды ұсыныстар берілді.
Іс-шараны мектеп педагогтері Ақпарова А.Қ, Қарабалина А.Т және Кокина Г.А,Башенова Б ұйымдастырып, жүргізді. Сабаққа қатысқан ата-аналар белсенділік танытып, өзекті тақырып бойынша пайдалы ақпарат алып, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызын тағы бір мәрте ұғынды.
ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған кіріспе семинар-практикум «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу негіздері»
Ынтымақ жалпы білім беру мектебінде 12.11.2025 ж әдістемелік бірлестік отырысынды «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған кіріспе семинар-практикум «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу негіздері» тақырыбында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында буллингке жол бермеу, педагогтердің психологиялық-педагогикалық және практикалық құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Семинар барысында қатысушылар «ДосболLIKE» бағдарламасының мазмұнымен және оны білім беру ұйымдарында іске асыру жолдарымен танысты. Буллингтің түрлері, белгілері, оны жанжалдан ажырату тәсілдері мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Педагогтер бейнематериалдармен, нақты өмірлік жағдайлармен жұмыс істеп, тәжірибелік тапсырмалар орындады.Практикалық бөлімде қатысушылар топтық жаттығулар мен пікірталас арқылы буллинг жағдайларын анықтау және оны шешу жолдарын талқылады. Семинар соңында «Жанжалсыз және буллингсіз салауатты қарым-қатынас» тақырыбында постерлер әзірленіп, буллингтің алдын алу қағидалары мен педагогтердің әрекет ету алгоритмі айқындалды.Іс-шара қорытындысы бойынша педагогтерге ақпараттық материалдар мен әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.

«Педагог этикасы және құқықтық мәдениет»
Ынтымақ жалпы білім беру мектебінде 12.11.2025 ж әдістемелік бірлестік отырысынды тарих пәні мұғалімі Нығмет А.Қ «Педагог этикасы және құқықтық мәдениет» тақырыбында ай сайын өткізілетін құқықтық оқу аясында дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби этикасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ұстаздардың өз қызметінде заң талаптарын сақтауға, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануға баулу болып табылады.
Сонымен қатар, құқықтық оқуда мұғалімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, оқу ордасында жағымды моральдық-психологиялық ахуал орнатудың қажеттілігі атап өтілді.Дәріс барысында қатысушылар педагогтің әдептілік ұстанымдары, қызметтік этика, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі мен педагог мамандығына әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ ұстаздың оқушылармен қарым-қатынас жасау әдебі де кеңінен талқыланды. Мұғалімнің оқушыларға құрметпен қарап, әділ, сабырлы және мейірімді болу керектігі, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, олардың тұлғалық дамуына қолдау көрсету маңызды екені айтылды. Сонымен бірге ұстаздың өз іс-әрекетінде үлгі бола білуі, өзін мәдениетті, сыпайы ұстап, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруы – педагог беделін арттырудың басты шарты екені атап өтілді.Іс-шара ұстаздардың кәсіби дамуына, құқықтық санасын жетілдіруге және өз қызметінде этикалық талаптар мен педагогикалық әдеп қағидаларын басшылыққа алуына зор ықпал етті.

"Балалар кітапханасы"
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» айлығы бойынша «Ата — анамен кітап оқу сағаты» тақырыбындағы фотосурет.

"Балалар кітапханасы"
Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» айлығы бойынша
«Қазақтың мақал — мәтелдері» тақырыбында әдеби ринг өткізілді.

"Балалар кітапханасы"
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» айлығы бойынша
«Сүйікті кітабымның кейіпкеріне хат» байқауы өткізілді.
«ДосболLIKE: достық қолын ұсын!»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі бойынша 2025 ж 13-14.11 күндері «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» республикалық акциясы мектеп қауымдастығы арасында жылы атмосфера қалыптастыруды және дұрыс қарым-қатынас орнатуды мақсат етті. «Нағыз досың болсын десең – алдымен өзің сондай бол!» ұранымен өткен шараға 1-4 бастауыш, 5-9 негізгі және 10-11 жоғары сынып оқушылары, педагогтер мен ата-аналар белсенді қатысты. Акция барысында оқушылар шығармашылық ынтымақтастыққа негізделген түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар еріктілер қозғалысы арқылы достық пен өзара көмектің маңызын насихаттап, мектеп ортасында мейірімді, қолдау көрсететін орта қалыптастыруға үлес қосты.

«Мен және менің құқығым»
17.11.2025 ж. Ынтымақ ЖББМ-де «Мен және менің құқығым» тақырыбында және «Досболайық» бағдарламасы аясында 1–11 сыныптарға арналған жобалар бойынша сынып сағаттары өткізілді. Барлық сыныптардағы тәрбие сағаттарын сынып жетекшілері ұйымдастырып, әр буынға арналған тапсырмаларды мазмұнды түрде орындады.Іс-шара барысында оқушылар достықты нығайту, бір-біріне қолдау көрсету және мектепте мейірімді орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқарды. «Досболайық» жобасы шеңберінде әр сынып шығармашылық тапсырмалар орындап, ынтымақтастықты арттырды.Сонымен бірге «Мен және менің құқығым» тақырыбындағы құқықтық тәрбие барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік, қауіпсіздік және адамгершілік құндылықтары туралы мағлұмат алды. Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.Өткізілген сынып сағаттары мектеп оқушыларының достық қарым-қатынасын нығайтып, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

"Бірге оқимыз"
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» айлығы бойынша «Бірге оқимыз» тақырыбында жоғары сынып оқушылары мен бастауыш сынып оқушыларының кітапханадағы кездесу күндері өтті

"Батырлар жыры "
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар» айлығы бойынша қазақ фольклоры «Батырлар жыры » әдеби квест өткізілді.

«Толеранттылық – татулық кепілі»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі психологы 2025 ж 16.11 күні Әлмағанбетова А.Қ 7–9 сынып оқушылары арасында «Толеранттылық – татулық кепілі» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға толеранттылық, өзара сыйластық пен түсіністік ұғымдарын түсіндіру, түрлі көзқарастар мен айырмашылықтарды құрметтей білуге үйрету, қарым-қатынас мәдениетін дамыту және сыныптағы достық пен татулықты нығайту болды. Сонымен қатар оқушылардың эмоцияларын дұрыс жеткізе білу қабілетін жетілдіру, топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту және жанжалдың алдын алу жолдарын үйрету міндеттері қойылды.Тренинг бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен «Шаттық шеңбері» атты жылытушы жаттығу ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Одан кейін «Толеранттылық деген не?» деген тақырыпта миға шабуыл өткізіліп, оқушылар өз түсініктерін ортаға салды. Топтық жұмыс барысында «Әртүрліміз, бірақ біргеміз» тапсырмасы орындалып, оқушыларға түрлі ситуациялар беріліп, оларды талдап, толерантты шешімдер ұсыну ұсынылды. Рөлдік ойын кезеңінде оқушылар жанжал жағдайларын сахналап, топ болып олардың бейбіт жолмен шешілу жолдарын көрсетті.Тренинг соңында «Жүректен жүрекке» рефлексиясы жүргізіліп, әр оқушы алған әсерін жүрек пішініндегі қағазға жазып, ортақ плакатқа жапсырды. Жалпы тренинг оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттырып, өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа және татулыққа тәрбиелеуге ықпал етті.


«Менің шешімім: Ерік пе, әдет пе?»
2025 жылғы 19 қарашада Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 7–9 сынып оқушылары арасында «Менің шешімім: Ерік пе, әдет пе?» тақырыбында мектеп психологы Әлмағанбетова А.Қ тренинг өткізді. Аталған тренинг 20-қараша – «Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне» арналған «Барлық әлем мен үшін» тақырыбындағы апталық аясында, сол шара қарсаңында ұйымдастырылды.Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға ерік пен әдет ұғымдарының айырмашылығын түсіндіру, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауды үйрету, саналы таңдау жасауға баулу және жағымды әдеттерді дамыту жолдарын көрсету болды. Шараның тәрбиелік мәні – оқушыларды жауапкершілікке, өзін-өзі бақылауға, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға, өзін құрметтеуге және тұлғалық дамуға тәрбиелеу.Тренинг барысында көптеген тиімді әдістер қолданылды. «Ой қозғау» кезеңінде оқушылар ерік пен әдет жайлы пікірлерін ортаға салып, тақырыпқа бағытталды. Топтық талдау барысында берілген өмірлік жағдаяттарды талқылап, дұрыс шешім қабылдау жолдарын ұсынды. «Менің таңдауым» атты рөлдік ойында оқушылар түрлі мінез-құлық сценарийлерін сахналап, ерік пен әдеттің қай кезде басым болатынын көрсетті. «Әдеттерді сүзгілеу» жаттығуы арқылы әр оқушы өз күнделікті әдеттерін саралап, жақсартуды қажет ететін тұстарын анықтады. Соңында «Менің бүгінгі шешімім» атты рефлексия жүргізіліп, оқушылар тренингтен алған негізгі ойларымен бөлісті.Бұл тренинг балаларды қорғау апталығы аясындағы маңызды шаралардың бірі болып, оқушылардың өзін-өзі тануына, өз әрекеттеріне саналы қарауына, ерік-жігердің рөлін түсінуіне және пайдалы әдеттерді қалыптастырудың маңызын ұғынуына зор ықпал етті.


«Тәртіпті елдің ұлы»
2025 жылғы 19 қарашада Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік педагог Жакупбекова А.Ж ұйымдастыруымен 7–9 сынып оқушылары арасында «Тәртіпті елдің ұлы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шара 20-қараша – «Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне» арналған «Барлық әлем мен үшін» атты апталық аясында, сол мереке қарсаңында жүзеге асырылды.Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – оқушыларға тәртіп, жауапкершілік, құқық және міндет ұғымдарын түсіндіру, қоғамда, мектепте және отбасында тәртіп сақтаудың маңызын ұғындыру болды. Шара жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, саналы мінез-құлық қалыптастыруға, әрбір оқушының өз әрекетіне жауап бере алу дағдыларын дамытуға бағытталды. Тәрбиелік мәні – оқушыларды әдептілікке, талапқа сай әрекет етуге, заң мен мектеп ережесіне құрметпен қарауға, мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, тәртіп туралы өз пікірлерін білдірді. Олар «тәртіпсіздік неден туындайды», «тәртіпті адамның қасиеттері қандай» деген сұрақтарды талқылап, түрлі өмірлік жағдайларды мысалға келтіріп, дұрыс шешім шығару жолдарын ұсынды. Сонымен қатар оқушылар мектептегі ережелерді сақтау жөнінде өз ойларын ортаға салып, тәртіпті болудың жеке үлгілерін айтты. Дөңгелек үстел соңында әр оқушы алдағы уақытта өз іс-әрекетіне мұқият болу, жауапкершілікпен қарау және тәртіптілікті сақтау жөнінде жеке міндеттемелерін бөлісті.Жалпы шара оқушылардың тәртіпке деген көзқарасын нығайтып, құқықтық және әлеуметтік жауапкершілік сезімін арттырды, сондай-ақ саналы, мәдениетті тұлға қалыптастыруға ықпал етті.

«Күндей күлген анамның баласы болып қаламын!»
2025 жылғы 20 қараша күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде әлеуметтік 1–4 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері «Күндей күлген анамның баласы болып қаламын!» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Іс-шара 20-қараша – «Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне» арналған «Барлық әлем мен үшін» атты апталық аясында ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар өз отбасына, ата-анасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін түрлі түстер мен көркем бейнелер арқылы жеткізіп, мейірімге толы ойларын, отбасылық жылылықты және жақындарына деген ризашылықтарын сурет тілімен көрсете білді.Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасына деген махаббатын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және «Балаларды қорғау күні» шеңберінде бала құқығы мен бақытын дәріптеу болды. Бұл көрме оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, олардың жүрегіндегі отбасына деген шынайы сезімдерін көркем түрде білдіруіне мүмкіндік берді.

«Энергияны үнемдейік!»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жасыл клуб» жұмысы аясында «Энергияны үнемдейік!» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Шараның жетекшісі – Балтабаева Ә.Ш.Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларға энергияны тиімді пайдалану, табиғи ресурстарды сақтау маңызын түсіндіру және үнемді өмір салтын қалыптастыру. Іс-шара барысында энергия көздерінің шектеулі екені, электр қуатын шамадан тыс қолданудың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері айтылып, күнделікті тұрмыста жарықты, жылуды, суды және тұрмыстық техникаларды ұқыпты пайдалану тәсілдері түсіндірілді.Энергияны үнемдеу – тек материалдық шығынды азайту ғана емес, табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Үнемділік оқушыларға жауапкершілік сезімін қалыптастырып, экологиялық мәдениетін арттыруға көмектеседі. Бұл акция балалардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын кеңейтіп, ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеуді мақсат етті.
2025 жылғы 18-19 қараша күндері « Дүниежүзілік балалар күніне» орай және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыруды бақылаудың 19-тармағына сәйкес, Ынтымақ жалпы білім беру мектебінде «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» республикалық акциясы өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынудың, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жеке қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру.Акция аясында мектептің 7–11-сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылып, «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазу жұмысы жүргізілді. Мұғалімдер оқушыларға құқықтық мәдениет, қауіпсіз мінез-құлық ережелері, құқық қорғау органдарының қызметі туралы ақпарат беріп, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара оқушылардың құқықтық білімін кеңейтуге, жауапкершілік сезімін дамытуға және қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде ұстануға ықпал етті. Акцияға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, мазмұндама жазу барысында өз ойларын еркін жеткізіп, заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын атап өтті.

“Өмірге салауатты қадам”
24.11.2025 ж. Ынтымақ ЖББМ-де екі бағытта1-11сыныптарда сынып сағаттары өтті: Тақырыбы “Өмірге салауатты қадам” және 5–8 сыныптарда Жол Қауіпсіздік Ережелеріне (ЖҚЕ) арналған сабақтар өтті.. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ жолдағы қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтауға үйрету болды.Сабақтың басында оқушылармен психологиялық жағымды ахуал қалыптастырылып, тақырыптарға байланысты қысқа бейнероликтер көрсетілді. “Өмірге салауатты қадам” бағыты бойынша оқушылар салауатты өмір салтының мәнін ашып, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке тазалық, зиянды әдеттердің зияны туралы пікір алмасты. Топтарға бөлінген оқушылар “Дұрыс тамақтану пирамидасы”, “Дене белсенділігінің маңызы”, “Зиянды әдеттердің алдын алу” тақырыптарында постерлер мен шағын презентациялар дайындап, өз жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар әр оқушы өзіне қажетті “Сау әрі белсенді күн тәртібін” құрып, практикалық жұмыс орындады.Ал 5–8 сыныптарда өткізілген ЖҚЕ-ге арналған сынып сағатында оқушылар жол қозғалысы ережелерінің маңызын талдап, жаяу жүргінші мен велосипедшіге қойылатын талаптармен танысты. Интерактивті тақта арқылы жол белгілері көрсетіліп, әр сынып деңгейіне сай тапсырмалар берілді: жас сыныптар жол белгілерінің мағынасын анықтаса, үлкен сыныптар қиылыстағы түрлі жағдайларды талдап, дұрыс шешім қабылдау жолдарын ұсынды. Рөлдік ойын барысында оқушылар “Жүргізуші – Жаяу жүргінші – Бағдаршам” жағдайын сомдап, жолдағы қауіпсіз іс-әрекеттерді тәжірибе жүзінде көрсетті. Мектеп ауласында ұйымдастырылған шағын практикалық жаттығуларда балалар қауіпсіз өткелден дұрыс өту, бағдаршам сигналдарын сақтау дағдыларын пысықтады.Іс-шара соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, әр тақырып бойынша маңызды тұстарды атап өтті.Қолданылған әдістер: топтық жұмыс, миға шабуыл, постер қорғау, интерактивті оқыту, рөлдік ойын, ситуациялық тапсырмалар, практикалық жаттығулар, бейнематериал талдау және рефлексия.Қорытындысында екі бағыттағы сынып сағаттары оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсінігін тереңдетіп, жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

"Саналы таңдау – жарқын болашақ"
Ұлытау облыстық білім басқармасының және Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдідегі хатына сәйкес, 2025 жылғы 21 қарашада облыс көлемінде өткізілген «Саналы таңдау – жарқын болашақ» атты бірыңғай акция аясында Ынтымақ ЖББМ-де қазақ тілі пәні мұғалімі Елеусізова Қ. жүргізген «Азамат мектептен шыңдалады» тақырыбындағы дәрістің негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, олардың азаматтық құқықтары мен міндеттері жөніндегі түсініктерін кеңейту, құқықтық сауаттылығын арттыру және саналы, жауапты таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндіру болып табылады.Сонымен бірге дәрістің мақсаты – оқушылардың қоғамдық-саяси көзқарасын дамыту, ел болашағына ықпал ететін азаматтық позицияны қалыптастыру, сайлау үдерістерінің ашықтығы, заңдылығы және маңыздылығы жөнінде мәлімет беру. Іс-шараға қатысқан сайлау учаскесінің өкілі Шегебаева Ә.Б. оқушыларға бағыт-бағдар беріп, сайлауға қатысудың тәртібі мен талаптары туралы түсінік қалыптастыруға, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етті.Аталған шара жас буынның саяси мәдениетін көтеру, болашақ сайлаушылар ретінде олардың жауапкершілігін күшейту және қоғам өміріне белсенді араласуға дайындау міндеттерін көздейді.

«Қамқорлық және сүйіспеншілік»
2025 жылғы 18 қарашада Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 20-қараша – «Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне» орай ата-аналарға арналған «Қамқорлық және сүйіспеншілік» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайтып, балалардың құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға бірлескен қолдау көрсету болды.Іс-шараның тәрбиелік мәні – бала құқығын құрметтеу, мейірім мен жауапкершілікке негізделген отбасы-мектеп байланысын күшейту, оқушының тұлғалық дамуына жағдай жасау.Ашық есік күні барысында психолог ата-аналарға бала психологиясы туралы кеңес беріп, эмоционалдық қауіпсіздікке арналған шағын тренинг өткізді. Әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтік құқықтары, қауіпсіз орта мен буллингтің алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сынып жетекшілері ашық сабақтар ұйымдастырып, әр оқушының оқу жетістігі мен тәртібі жөнінде ақпарат беріп, ата-аналармен жеке әңгімелесу жүргізді.
.
Ұлытау облысы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 05-1-05-4/7552-И хатына сәйкес, білім ұйымдарына ата-аналарға арналған қауіпсіздік ескертпелерін оқу-тәрбие жұмысында пайдалану және тарату тапсырылды. Осыған орай, Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі ата-аналарға экстремизм мен терроризм қауіпі туындаған жағдайда сақтану және дұрыс әрекет ету жолдары туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар балаларына бейтаныс адамдармен байланыспау, жеке мәліметтерді ешкімге бермеу, интернетте күмәнді топтар мен парақшалардан аулақ болу, күдікті жағдайларды үлкендерге бірден хабарлау қажеттігін түсіндіруі тиіс. Қауіпті жағдай байқалғанда бала сабыр сақтап, қауіпті аймақтан тез және қауіпсіз шығу, күдікті заттарға жақындамау, расталмаған ақпарат таратпау керектігін білуі қажет.Ал ата-аналардың өздері ресми ақпарат көздеріне ғана сеніп, мектеп пен құзырлы органдардың хабарламаларын қадағалап, баламен тұрақты байланыста болып, көпшілік орындардан сақтандыру шараларын ұстануы маңызды.Балалардың амандығы – баршамыздың ортақ міндеті. Мектебіміз қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында ата-аналармен бірлескен жұмысты жалғастырады

«Есірткісіз балалық шақ»
2025 ж 01 желтоқсан күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 1–11 сыныптар арасында бірыңғай «Есірткісіз балалық шақ» тақырыбы және жол қауіпсіздігі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (1–4 сыныптарда – ЖЖЕ, 5–8 сыныптарда – ЖҚЕ) сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағатының алғашқы бөлігі «Есірткісіз балалық шақ» тақырыбына арналды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны туралы түсінік беру, зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтының маңыздылығын ұғындыру болды. Іс-шара тәрбиелік тұрғыдан оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, дұрыс шешім қабылдауға, жаман әдеттерге қарсы тұра білуге бағытталды. Сабақ барысында түсіндіру, сұрақ-жауап, бейнематериалдар көрсету, топтық талқылау, пікір алмасу және жағдайлық тапсырмалар сияқты әдістер қолданылды.Келесі бөлім – жол қауіпсіздігі ережелеріне арналды. Бастауыш сыныптарда (1–4 сыныптарда) ЖЖЕ бойынша, ал 5–8 сыныптарда ЖҚЕ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың жолда жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру, жол белгілерін білуге үйрету және қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолдана білуін қамтамасыз ету болды. Тәрбиелік мәні – оқушылардың қоғамдық тәртіп пен жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын дамыту. Сабақтарда көрнекіліктер пайдалану, бейнероликтер көрсету, практикалық тапсырмалар орындау, рөлдік ойындар және ситуациялық талдау әдістері қолданылды.Сынып сағаттарының соңында барлық сыныптарда қосымша 10 минуттық қауіпсіздік нұсқаулығы өтті. Онда қысқы кезеңдегі қауіпсіздік талаптары, мектеп ішіндегі тәртіп, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық және тұрмыстық жарақаттардың алдын алу туралы қысқаша нұсқаулық берілді.Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жеке жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн»
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық кампаниясы аясында Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қызғылт сары түсті күн (Orange Day) акциясы ұйымдастырылды. Қызғылт сары түс – әлем бойынша зорлық-зомбылықпен күрестің символы болып табылады және қоғамды осы мәселеге назар аударуға шақырады.Кампания аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы белсенділік танытып, оқушылар мен мұғалімдерге арнайы қызғылт сары ленталар таратты. Сонымен қатар, ұжым мен оқушыларға арналған тақырыптық ақпараттық жазбалар, үнпарақтар мен түсіндірме парақтары ұсынылып, зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық, өз құқығын қорғау жайлы мағлұматтар жеткізілді.Акцияның мақсаты – мектеп қауымдастығын зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы біріктіру, оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
«Ұшқыр ой алаңы»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие аясындағы «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша «Сенім мен жауапкершілік» зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шараны мектеп тәлімгері Шайжан Динара ұйымдастырып, оқушыларды адалдық, сенім және жауапкершілік құндылықтарын терең түсінуге бағыттады.Зияткерлік ойынның мақсаты – «Адал азамат» құндылығын нығайту, оқушылардың дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамыту, өз әрекетіне жауап бере білуге үйрету.Жоба оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
«Балалар кітапханасы»
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Оян қазақ» поэзия кітап оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Кітап оқуға қызығушылықты қалыптастыру. Ақынның шығармашылығымен таныстыру.
Балалар кітапханасы
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130жыл толуына орай»Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға балалар жазушысы С. Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармаларын таныстырып, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Мектеп оқушылары үшін нашақорлыққа, алкоголизмге, құмар ойындарға, дропперлікке, буллингке қарсы күрес тақырыбындағы деректі фильмдер мен әлеуметтік роликтер көрсетілуде.2025 ж 03.12 күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде де алдын алу мақсатында қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Басты мақсатымыз : ✅ Жасөспірімдерге дұрыс өмірлік таңдау жасауға көмектесу; ✅ Жаман әдеттердің зиянын көрсету; ✅ Қауіпсіз және қолдау ортасында тәрбиелеу; ✅ Психологиялық сауаттылықты арттыру. Оқушылар өздерін қоршаған әлемді дұрыс бағалап, дұрыс шешім қабылдауға үйренеді. Мұғалімдер мен ата-аналарға да ақпараттық қолдау көрсетіледі. Біз бірге балаларымыздың денсаулығы мен болашағын қорғаймыз! Балаңыздың қауіпсіздігі – басты мақсат!

«Заң және тәртіп» және «Қауіпсіз Қазақстан үшін»
2025 жылғы 3 желтоқсанда Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 1–4 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» және «Қауіпсіз Қазақстан үшін» рубрикасы аясында тәрбиелік мәні бар мультфильм көрсетілді.Мультфильмде жол қозғалысы ережелері, көшеде қауіпсіз жүру, білімге құштарлық, үлкенді сыйлау, кішкентайға қамқорлық көрсету, мейірімділік пен достық сияқты тақырыптар қамтылды.Мақсаты: оқушыларға қауіпсіздік, тәртіп, сыйластық және дұрыс әлеуметтік қарым-қатынас құндылықтарын сіңіру, жеке жауапкершілікті қалыптастыру.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн»
2025 жылдың 3 мамырында Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық кампаниясы аясында 1–4 сынып оқушыларының «Зорлықсыз өмір бейнелері» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараны Кокина Г.А. өткізді. Көрменің негізгі мақсаты – балаларға зорлық-зомбылықтың кез келген түрінің зияндылығын түсіндіру, мейірімділік пен өзара құрметтің өмірдегі маңызын сезіндіру, сондай-ақ қауіпсіз, тату әлеуметтік орта қалыптастыру болды.Бұл көрме оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, оларды адамгершілікке, сыйластыққа, бейбітшілікке тәрбиелеуге бағытталды. Балалар өз жұмыстарында зорлықсыз өмірді, достық пен келісімді бейнелей отырып, жақсы мен жаманның ара жігін ажыратуды, өз сезімдерін көркем түрде жеткізуді үйренді. Іс-шара мектеп қауымдастығында жылы атмосфера қалыптастырып, оқушылардың эмоциялық мәдениетін нығайтуға және жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.
«Qarzhy Sagshysy»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 10–11 сынып оқушылары арасында «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойынын өткізіліп, оның негізгі мақсаты жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық түрлері туралы хабардарлығын арттыру болды. Іс-шара барысында оқушылар қаржы пирамидалары, дроппершілік, цифрлық алаяқтық және интернеттегі қауіпсіздік туралы маңызды мәліметтер алып, саналы қаржылық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырды. Бұл ойын олардың сыни ойлауын дамытып, сақтыққа, жауапкершілікке және цифрлық гигиенаны сақтау мәдениетіне тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды.

«Біз цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»
2025 жылғы 3 желтоқсанда Тәлімгер Шайжан Д. ұйымдастыруымен біздің мектепте цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб өткізілді. Шара барысында оқушылар бір ауыздан «Біз цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» деп жариялап, өз позицияларын білдірді.Флешмобтың негізгі мақсаты – оқушыларды онлайн қауіпсіздікке, цифрлық мәдениетке және бір-біріне құрмет көрсетуге үйрету. Іс-шара қатысушылары саналы әрі жауапкершілікпен әрекет етудің маңызын көрсетті.
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 6–9 сынып оқушыларына сынып жетекшілері Елеусізова Қ.Н, Мұқашева А.Е, Таженова Г.М, Шынарбек А «Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» тақырыбында эмоцияларды тану, түсіну және қауіпсіз түрде білдіру дағдыларын дамытуға арналған екінші кездесу тренингін өткізді. Кездесу барысында балалар әртүрлі жаттығулар арқылы өз сезімдерін бақылауды, эмоциялардың денедегі көрінісін тануды және жағымсыз сезімдерді басқару тәсілдерін үйренді. Іс-шараның негізгі бөлімдері: «Айналамыздағы эмоциялар» жаттығуында оқушылар күн ішінде өздері және айналасындағы адамдар сезінген эмоцияларды атап, эмоциялардың табиғи екенін түсінді. «Эмоциялар айнасы» ойынында жұппен жұмыс жасап, бір-бірінің сезімін бет-әлпет пен қимыл арқылы тануға машықтанды. «Сезімдер картасы» тапсырмасында әр оқушы эмоциялардың денедегі орналасуын суреттеп, өз ішкі күйін жақсырақ түсінуге мүмкіндік алды. «Эмоционалды көзілдірік» бөлімінде бір оқиғаны әртүрлі эмоциялық «көзілдірік» арқылы қабылдау тәжірибесі жасалып, ой мен сезімнің байланысы талқыланды. • Соңында «Эмоциялар бұлты» релаксациялық әдісі арқылы мазасыздықты жеңілдету тәсілі тәжірибеден өткізілді. Кездесу оқушыларға өз сезімдерін тану, түсіндіру және басқару дағдыларын дамытып, эмоционалды сауаттылықты нығайтуға көмектесті.
«Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің 6–9 сынып оқушылары «Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында қысқаметражды бейнеролик түсіріп, өздерінің онлайн қауіпсіздікке бейжай қарамайтынын және цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді позиция ұстанатынын көрсетті.Оқушылар цифрлық буллингтің, қорқытудың, жалған ақпарат таратудың және интернеттегі басқа да агрессия түрлерінің зиянын ашып көрсетіп, құрдастарын қауіпсіз, мәдениетті интернет кеңістігін қалыптастыруға шақырды.Бұл жұмыс «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық кампаниясы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, сандық ортадағы жауапкершілікті түсінуге және басқаларды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.Шара жасөспірімдерге цифрлық қауіпсіздік туралы ойлануға, өз пікірін еркін жеткізуге және қоғамдағы маңызды мәселелерге үлес қосуға мүмкіндік берді.
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің 5-8сынып оқушылары үшін нашақорлыққа, алкоголизмге, құмар ойындарға, дропперлікке, буллингке қарсы күрес тақырыбындағы деректі фильмдер мен әлеуметтік роликтер көрсетілуде.2025 ж 05.12 күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде де алдын алу мақсатында қысқа метражды фильмдер көрсетілді.
Басты мақсатымыз : Жасөспірімдерге дұрыс өмірлік таңдау жасауға көмектесу;
Жаман әдеттердің зиянын көрсету; Қауіпсіз және қолдау ортасында тәрбиелеу;
Психологиялық сауаттылықты арттыру.Оқушылар өздерін қоршаған әлемді дұрыс бағалап, дұрыс шешім қабылдауға үйренеді.Мұғалімдер мен ата-аналарға да ақпараттық қолдау көрсетіледі.Біз бірге балаларымыздың денсаулығы мен болашағын қорғаймыз!
Балаңыздың қауіпсіздігі – басты мақсат!

«Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл»
Ынтымақ ЖББМ –де «Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Б.Момышұлының өмірі мен ерлігі туралы мағлұмат беру, оның батырлық, отаншылдық қасиеттерін үлгі ету.
Тәрбиелік мәні – оқушыларды елін сүюге, батылдыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.Сынып сағатын бастамас бұрын 10 минуттық қауіпсіздік нұсқамасы жүргізілді. Онда сыныптағы тәртіп, өрт және жалпы қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайда әрекет ету жолдары түсіндірілді. Оқушылар нұсқамамен танысты.

«Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында мектебімізде арнайы жоспар құрылып, құндылыққа толы жұмыстар өз бастауын алды. Тәуелсіздіктің мәні мен маңызын дәріптеуге бағытталған онкүндік ресми түрде ашылды.
«Стрессті басқару және өзін-өзі қорғау
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық кампаниясы аясында 05.12.2025 ж. Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде психолог Әлмағанбетова А.Қ. мұғалімдерге арналған «Стрессті басқару және өзін-өзі қорғау» тақырыбында мастер-класс өткізді. Шара барысында қатысушылар стрессті реттеу тәсілдері, эмоциялық тұрақтылықты сақтау жолдары және өзін-өзі қорғау дағдылары бойынша пайдалы тәжірибе алды.
«Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында өткен шарада Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жетістігімді еліме арнаймын» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 10- сыныптың спорт, білім және өнер саласындағы үздік оқушыларының жетістіктері әлеуметтік желіге жарияланып, оқушылардың өзін таныту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында өткен шарада Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жетістігімді еліме арнаймын» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 5- сыныптың спорт, білім және өнер саласындағы үздік оқушыларының жетістіктері әлеуметтік желіге жарияланып, оқушылардың өзін таныту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді
Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын
«Мен цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымын» акциясы аясында Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 10-сынып оқушыларының қатысуымен қысқа бейнероликтер түсірілді. Шараға сынып жетекшілері Боранқұлова М.Б жетекшілік етіп, оқушыларға онлайн кеңістіктегі қауіпсіздік, цифрлық этика және өз құқығын қорғау мәдениеті бойынша маңызды түсініктер берілді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жетістігімді еліме арнаймын» атты тағылымды челлендж өтті.Бұл шараның мақсаты – оқушылардың жетістіктерін насихаттау арқылы олардың өзін таныту мәдениетін қалыптастыру, талантты жас буынның жарқын болашағына жол ашу. Осы орайда, мектебіміздің мақтанышы, 9-сынып оқушысы Құдайберген Інжу Ақанқызы өнер саласындағы үздік жетістіктерімен көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Иін қандыра күй тартып, ұлттық мұрамызды ұлықтап жүрген Інжу домбыра мен жетігенді жоғары деңгейде меңгерген, талай халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық сайыстарда үздік нәтиже көрсетіп, І орындарды бірнеше рет иеленген талантты өнерпаз. Інжудің табандылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігі – жас буынға үлгі, мектебіміз үшін зор мақтаныш! Біз осындай талантты оқушылардың жетістіктерін жариялау арқылы оларды қолдап, жігерлендіріп қана қоймай, оқушылардың өзін-өзі таныту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырып келеміз. Еліміздің Тәуелсіздігімен тұспа-тұс келген әрбір жетістік – ұлт қуанышы!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында өткен шарада Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жетістігімді еліме арнаймын» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында 9- сыныптың спорт, білім және өнер саласындағы үздік оқушыларының жетістіктері әлеуметтік желіге жарияланып, оқушылардың өзін таныту мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді .
«Ұшқыр ой алаңы»
«Ұшқыр ой алаңы» – пікір мен парасат тоғысқан орта!
09 желтоқсан күні дебат клубының мүшелері «Қоғамдағы ең маңызды көмек – еріктілердің көмегі» тақырыбында мазмұнды пікірталас өткізді. Шараны дебат клубының жетекшісі Елеусізова Қ.Н. ұйымдастырды. Пікірсайыс барысында оқушылар еріктілердің қоғамдағы рөліне терең үңіліп, олардың жасаған игі істерінің адам өміріндегі, қоғамдағы орны қандай маңызды екенін жан-жақты талқылады. Еріктілік – мейірім мен жауапкершіліктің өлшемі.Шараға қатысқан оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелді пікірлер арқылы әлеуметтік жауапкершілік, адамгершілік, бір-біріне қолдау көрсету құндылықтарының маңызын түсінді.Дебат алаңы — жастардың ойлау мәдениетін дамытып, қоғамға өзіндік көзқарасы бар белсенді азамат қалыптастыратын орта. Біз жас пікірсайысшыларымыздың белсенділігіне, ізденімпаздығына және қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамайтындығына қуаныштымыз!
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 08 желтоқсан күні 9–11 сынып оқушылары тарих пәні мұғалімі Таженова Г.М. ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан: жетістіктер мен жауапкершілік» атты эссе жазу жұмысына қатысты. Бұл шығармашылық жұмыс барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жан-жақты саралап, мемлекет дамуына әр азаматтың жауапкершілікпен үлес қосуының маңызын өз көзқарастарымен жеткізді. Эссе жазу оқушылардың ойлау мәдениетін дамытып, тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық қасиеттерін нығайтуға ықпал етті.Жас буынның туған еліне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру – болашаққа салынған берік негіз.

Ынтымақ жалпы білім беру мектебінде 08 .12 күні 5–8 сынып оқушыларына арналған «Рәміздер тарихы» тақырыбындағы ақпараттық сабақтар мен видеосабақтар өткізілді. Сабақтарды тарих пәні мұғалімі Нығмет А.Қ. ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы терең ақпарат алып, олардың шығу тарихы, мазмұны мен мағынасын жан-жақты танып білді. Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен тәуелсіздігінің айқын белгісі.Оқушылар рәміздерге деген құрметтің әр азаматтың бойында болуы тиіс құндылық екенін түсініп, ұлттық мақтаныш сезімін нығайтты. Видеосабақтар арқылы балалар рәміздер қабылданған кезеңдермен танысып, тарихи деректерден мол мағлұмат алды.Осындай сабақтар жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастырып, елінің болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлға болып өсуіне үлкен үлес қосады.
«Пара берме!
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 09.12.2025 ж 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Пара берме!» атты акция–үгіт насихат жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны туралы ақпараттық парақшалар таратып, адалдық қағидаларын насихаттап, белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Бұл игі бастаманы жүзеге асыруға атсалысқан тәлімгер Шайжан Д., сондай-ақ мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері оқушыларға үлгі болып, қоғамда әділдік пен адалдықты дәріптеудің маңыздылығын көрсетті. Акцияның мақсаты — жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әділдік құндылықтарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты күшейту.Оқушылардың белсенділігі мен жауапкершілігі арнайы атап өтуге тұрарлық.Адалдық — әрқайсымыздың таңдауымыз!
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 2025 ж 11.12 күні ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мектебімізде 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен «Көк тудың желбірегені» патриоттық ән челленджі өткізілді.Іс-шараның мақсаты — оқушыларды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, туған елге деген сүйіспеншілікке баулу, ұлттық рухты көтеру және тәуелсіздік құндылықтарының маңызын ұғындыру. Челлендж барысында оқушылар патриоттық әнді ерекше ықыласпен орындап, Қазақстан Республикасының көк туына деген құрметін танытты.Шара барысында 1–4 сыныптардың жетекшілері Акпарова А.Қ, Башенова Б.Б, Қарабалинова А.Т, Кокина Г.А ұйымшылдықпен атсалысып, челлендждің мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтуіне жетекшілік жасады.Осындай іс-шаралар жас буынның жүрегіне елге деген сүйіспеншілікті терең сіңіріп, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына ықпал етеді.
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 9–11 сынып оқушылары арасында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында мектеп директоры Тезекбаева Ақтоты Аманжоловна директор сағатын ұйымдастыды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге адалдық құндылықтарын насихаттау, еңбектің қадірін түсіндіру, қоғамға пайда келтіретін жауапты азамат болуға бағыт беру болды. Диалогтық алаң барысында оқушылармен еркін пікір алмасу жүргізіліп, ар-намыс, жауапкершілік, әділдік, еңбекқорлық сияқты мәңгілік құндылықтардың маңызы талқыланды. Сонымен бірге оқушылар адал жолмен жеткен табыстың шынайы бағасы мен адамның болашағына әсері туралы өз ойларын ортаға салды.Іс-шара тәрбиелік маңызы жоғары, оқушыларды дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға, өз еңбегімен жетістікке жетуге ынталандыратын мазмұнды кездесу болды. Осындай рухани-адамгершілік бағыттағы жұмысты жүйелі жалғастыру – мектеп ұжымының басты міндеттерінің бірі.
«Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 2025 ж11.12 күні Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ұлытау мұрагерлері» домбырашылар челленджі өткізілді. Іс-шараға мектеп домбырашылар ансамблі қатысып, төл өнеріміздің асыл мұрасын кеңінен насихаттады.Челленджді ұйымдастыруға музыка пәнінің мұғалімі Кошенова Ш.А. жетекшілік жасап, оқушыларға домбыраның қоңыр үні арқылы ұлт рухын, ұлттық өнердің қадір-қасиетін сезіндіруді мақсат етті.Шараның басты мақсаты – оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, қазақтың төл өнерін ұлықтау және Тәуелсіздік мерекесінің маңызын терең ұғындыру. Домбырашылардың орындаған күйлері жас ұрпақтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, рухани тәрбие берудің көрінісіне айналды.Ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған бұл бастама – өскелең ұрпақтың «Ұлытау мұрагерлері» ретінде рухани сабақтастығын жалғастыруға қосқан үлесі.
“Өз ісінің шебері “
Ынтымақ ЖББМ Тәуелсіздік ұлт мұраты,ел-болашағы онкүндігінде өткен “Өз ісінің шебері “ интервью челенджі ұйымдастырылды.Интервью беруге ҰОДСБ Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасында УДЗ,КТ маманы ,Ынтымақ ауылының тумасы Шайжанов Медет Карифуллаұлы мен Оптика көзге арналған орталығының басшысы Айтбек Тұрсын Бақтығалиұлы оқушылармен өз мамандықтары, кәсіптері жайлы оқушылармен онлайн байланыс орнатып пікір алмасты.Кездесуге ауылымыздың кәсіпкері Базарова Ғазиза Парахатовна келді. Оқушылар кәсіпкерге өз ойларындағы сұрақтарды қойып,жауаптарын алды.Кәсіркерлерге уақыт бөліп, өз ісінің шеберлігін көрсетіп, тәжірибе көрсеткені үшін алғыс хат берілді.
«Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, көк Ту салтанатты түрде әкелінді. Бұл оқушылардың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталды.
Шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, Тәуелсіздік үшін жанын қиған боздақтарды еске алу мақсатында 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл тағзым сәті жас ұрпаққа ел тарихының маңызын терең ұғындырып, ерлік пен батырлықты қадірлеуге тәрбиеледі.
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ДТІЖО Шегебаева Ә.Б оқу мен қоғамдық өмірде белсенділік танытқан оқушыларды жетістіктерімен марапаттады. ДТІЖО Сейдуалина А.Уқұттықтау сөзін сөйледі. Сонымен қатар, мектеп тәлімгері Шайжан Д. жетекшілігімен өзін-өзі басқару ұйымы арқылы 2–5 сынып оқушылары салтанатты түрде «Жас Қыран», «Жас Ұлан» қатарына қабылданып, ант қабылдады. Оқушылар Отанға адал болуға, елін сүйетін, білімді де тәрбиелі азамат болып қалыптасуға серт берді. Бұл рәсім оқушылардың бойындағы патриоттық рухты көтеріп, ел болашағына деген сенімін нығайтты.Концерттік бағдарлама барысында оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көріністер қойып, әндер мен билер орындады. Әрбір өнер көрсетілімінің мазмұны ел тарихын дәріптеп, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыруға арналды.Аталған шараның мақсаты мен тәрбиелік мәні – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер мен ел тарихына деген құрметті арттыру, бірлік пен ынтымақты нығайту, сондай-ақ оқушыларды Тәуелсіз елдің жауапкершілікті де саналы азаматы болып өсуге бағыттау.
«Менің Отаным – Қазақстан»
2025 жылдың 15 желтоқсан күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1–4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық», «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы алғашқы түсінік беру, сондай-ақ Тәуелсіздік ұғымын жас ерекшеліктеріне сай қарапайым әрі түсінікті тілде ұғындыру болды.
Сабақ барысында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында әңгіме-дәріс жүргізіліп, оқушылар Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы туралы мағлұмат алып, танымдық сұрақ-жауаптарға белсене қатысты. Сонымен қатар, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қысқаша бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігі арттырылды.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Тәуелсіз Қазақстан», «Көк байрағым» тақырыптарында сурет салу жұмыстары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, Тәуелсіздікке арналған тақпақтар жатталып, отансүйгіштікке үндейтін әндер тыңдалды.
Өткізілген сынып сағаттары бастауыш сынып оқушыларының елге деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Тәуелсіз елдің кішкентай азаматы ретінде мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті
«Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық», «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы»
2025 жылдың 15 желтоқсан күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 5–8 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық», «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың Тәуелсіздік туралы білімдерін тереңдету, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары жөнінде жан-жақты мағлұмат беру, тарихи сана мен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру болды.Сабақ барысында «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы» тақырыбында мазмұнды түсіндірме дәріс оқылып, Желтоқсан оқиғаларына арналған бейнеролик көрсетілді. Бұл бейнематериалдар оқушыларға сол кезеңдегі ел тарихының маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.Сонымен қатар, оқушылар арасында топтық жұмыстар ұйымдастырылып, пікір алмасу жүргізілді. Викториналық сұрақтар мен тарихи деректер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі арттырылып, өз ойларын еркін жеткізуіне жағдай жасалды. Оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, тақырыпқа сай постерлер дайындап, оларды қорғау барысында өз көзқарастарын дәлелдеп көрсетті.
Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыруға, отансүйгіштік рух пен ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етті.
2025 жылдың 15 желтоқсан күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 10–11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық», «Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру, Тәуелсіздіктің тарихи, саяси және әлеуметтік маңызын терең ұғындыру, сондай-ақ ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Сабақ барысында «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық» тақырыбында мазмұнды дәріс оқылып, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызына жан-жақты талдау жасалды. Оқушылар сол кезеңдегі ел тарихындағы шешуші оқиғаларға баға беріп, Тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін терең түсінуге мүмкіндік алды.Сонымен қатар, пікірталас пен сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын еркін білдірді. Эссе жазу арқылы Тәуелсіз елдің азаматы ретіндегі көзқарастарын, болашаққа деген жауапкершіліктерін көрсетті. Топтық зерттеу жұмыстары барысында оқушылар қазіргі Қазақстанның жетістіктерін талдап, ел дамуына қосылып жатқан үлестерді атап өтті.Өткізілген сынып сағаттары жоғары сынып оқушыларының сыни ойлау қабілетін дамытып, азаматтық белсенділігін арттыруға, отансүйгіштік рух пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал етті.Қорытындылай келе, барлық сынып бөлмелері 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне сай безендіріліп, оқушылар сынып сағаттарына ресми киім үлгісінде қатысып, жоғары жауапкершілік танытты. Жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған бұл сынып сағаттары оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, ел тарихын құрметтеуге және Тәуелсіз елдің саналы азаматы болып қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Тәуелсіздік жетістіктері "
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі кітапханасында 16 — желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік жетістіктері » атты көрмесі өтті.
Мақсаты: Ұлы Дала тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.

«Әкем және мен – асық ату жарысы»
Әкем және мен – асық ату жарысы» – әкелер мен балалардың бірлесіп қатысуы арқылы ұлттық ойындарды насихаттауға, отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған спорттық-тәрбиелік іс-шара. Жарыс барысында қатысушылар асық ату ойыны арқылы өзара ынтымақтастықты, шапшаңдық пен мергендікті көрсетеді.

«Әжем және анамның дәмі»
«Әжем және анамның дәмі» – ұлттық тағамдар арқылы ұрпақ сабақтастығын, отбасылық дәстүр мен аналар тағылымын насихаттауға арналған тәрбиелік-танымдық іс-шара. Бұл шарада әжелер мен аналардың дайындаған тағамдары таныстырылып, олардың мәні мен жасалу жолдары туралы мағлұмат беріледі.

«Әже – ақылдың кені, түрлі қолөнер бұйымдар сайысы»
«Әже – ақылдың кені, түрлі қолөнер бұйымдар сайысы» – әжелердің өмірлік тәжірибесін, даналығын және қолөнер шеберлігін дәріптеуге арналған тәрбиелік-танымдық іс-шара. Сайыс барысында әжелер ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстырып, олардың жасалу жолы мен мағынасын түсіндіреді.

"Жас Ұлан","Жас Қыран"
2025 жылы 15 желтоқсан күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жас Ұлан»,»Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті.Негізгі мақсаты:Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім,білім мен өзін -өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік,Отан тарихына,Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Рәсім барысында Қ.Р Мемлекеттік Әнұраны орындалып,оқушылар «Жас Қыран,Жас Ұлан» антын қабылдап,ұйымның белгісі (таңба,галстук) тағылып,ұйым қатарына қабылданғаны жарияланып, тәрбиелік мәні бар сөздер айтылып,ұйымның міндеттері мен бағыттары таныстырылып, патриоттық бағыттағы өлеңдермен,әндермен және құттықтау сөздермен жалғасты
«Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Аталған онкүндік «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып, оқушылардың бойына ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сіңіруге бағытталды.Осы шаралар легінде «Құндылыққа бағдарланған білім» бағыты бойынша 1-сынып оқушыларына математика пәнінен сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «Геометриялық фигураларды өлшеу». Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, білім мен тәрбие өзара ұштастырылды.Сабақтың негізгі құндылықтық мақсаты – оқушыларды басқалармен бірлесе жұмыс істеуге, ортақ істің нәтижесін бағалап, қорғай білуге тәрбиелеу болды. Оқу үдерісі барысында білім алушылар объектілердің жеке белгілерін салыстыра білуге, командада ынтымақтаса жұмыс істеуге, өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен әрі ұқыптылықпен қарауға үйренді.Аталған сабақты пән мұғалімі Кокина Г.А. жоғары әдістемелік деңгейде өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік аясында мазмұнды әрі тағылымды іс-шаралар өткізілді. Аталған онкүндік «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып, оқушылардың бойына ұлттық рухты, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын сіңіруге бағытталды.Осы шаралар легінде «Құндылыққа бағдарланған білім» бағыты бойынша 4-сынып оқушыларына әдебиеттік оқу пәнінен сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбы — «Оқыған жетер мұратқа». Сабақ барысында білім мен тәрбие өзара сабақтастырылып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға баса назар аударылды.Сабақтың негізгі құндылықтық бағыты – оқушыларды басқалармен бірлесе жұмыс істеуге, ортақ жұмыстың нәтижесін қорғай білуге, сондай-ақ бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу болды. Оқу үдерісі барысында оқушылар өз пікірін еркін жеткізіп, бір-бірінің ойын тыңдай білуге, жауапкершілік пен табандылық қасиеттерін бойына сіңірді.Аталған сабақты пән мұғалімі Қарабалинова Айжан Тулкубаевна жоғары әдістемелік деңгейде өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
«Эмоциялар және оларды білдіру жолдары»
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі бойынша 2025 ж18.12 күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы аясындағы 1-кездесуін сынып жетекшілері Елеусізова Қ,Шынарбек А,нығмет А өткізі . АПҚО 6-9 сыныптар ата-аналары мен балаларға арналған «Эмоциялар және оларды білдіру жолдары» тақырыбында ІІ кездесуді ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – эмоциялар туралы ашық әрі қауіпсіз ортада сөйлесу мүмкіндігін қалыптастыру, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы өзара байланысты нығайту.Тренинг барысында қатысушылар бірлескен жаттығулар арқылы өз сезімдерін тану, білдіру және бір-бірін мұқият тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізді. Ата-аналар балаларын қолдаудың маңызын түсінсе, балалар көмек сұрау мен өз ойын ашық айтуға үйренді.Кездесу соңында қатысушылар кері байланыс беріп, эмоцияларды түсіну мен қолдаудың отбасы ішіндегі қарым-қатынасты жақсартудағы рөлін атап өтті. Аталған сабақ ата-аналар мен балалардың өзара сенімін арттыруға оң әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұлт мұраты, ұрпақ болашағы» атты онкүндік өз мәресіне жетіп, салтанатты түрде жабылды. Маңызды іс-шара барысында мектептің ДТІЖО Сейдуалина А.У онкүндік аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тәуелсіз елдің рухын асқақтатқан тағылымды шаралардың мән-маңызына тоқталды.Мектеп директоры Тезекбаева А.А мен ДОІЖО Шегебаева Ә.Б салтанатты жиында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерді сіңіруге үлес қосқан мұғалімдер мен оқушыларға зор алғысын білдірді. Ерекше белсенділік танытып, шығармашылық пен ізденістің үлгісін көрсеткен қатысушылар марапатталып, еңбектері лайықты бағасын алды.Бұл онкүндік – тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындырып, жас ұрпақтың ел болашағына деген сенімін нығайтқан тағылымды шара болды.
2025 жылғы 19 желтоқсанда Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шараға ЮПТ УПИ полиция капитаны, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Кутумова Д.М. және ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция майоры А.Б. Смаилов қатысты.Кездесу барысында жол қауіпсіздігі, электронды сигарет, мопед пен автокөлікті рұқсатсыз басқару, есірткі және алкогольдің зияны, интернет-алаяқтық, лудомания, бопсалау, буллинг, ұрлық, түнгі уақытта көшеде жүру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға қауіпсіздік жадынамалары таратылды.Сонымен қатар мектеп директоры Тезекбаева А.А. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сейдуалина А.У мектепте жыл бойы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.
2025 жылғы 18 желтоқсанда мектепте құқықтық сауаттылықты арттыру және оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық оқу өткізілді. Іс-шара «Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылып, оны мектеп психологы Әлмағанбетова А.Қ. жүргізді.Құқықтық оқу барысында оқушылардың тәртібі, олардың сабаққа қатысуы, сабаққа кешігу мәселелері кеңінен талқыланды. Мектеп ұжымы білім алушылардың жауапкершілігін арттыруда ата-аналармен өзара тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті. Осы бағытта ата-аналармен жүргізілетін тәрбиелік және профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.Сонымен қатар, алдағы уақытта оқушылардың тәртібін қатаң бақылауда ұстап, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі әрі мақсатты жұмыстарды жандандыру, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керектігі баса айтылды.Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды заңды құрметтеуге, тәртіп сақтауға тәрбиелеу және олардың қауіпсіз әрі саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

“Жасанды интеллект және нақты ғылымдар” атты математика, физика, информатика апталығы аясында 19.12.2025 жылы “Ой мен ойын” атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыс 5,6,7,8- сыныптармен өткізілді. Мақсаты- жасанды интеллект пен нақты ғылымдардың өзара байланысын түсіндіру; интеллектуалдық тапсырмаларды спорттық ойын элементтерімен ұштастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру; шапшаңдық, ептілік, дәлдік, командалық жұмыс және жеңіске деген ынтаны қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Пән мұғалімдері: Есенбек Ж.Б, Шынарбек А
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елеусізова Қ5-9 сынып оқушыларына діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Менің таңдауым – бейбітшілік» тақырыбында эссе жазғызды. Бұл тапсырма оқушыларға бейбітшіліктің құндылығын түсіндіру, әр адамның дұрыс жол таңдау қажеттігін көрсету үшін маңызды.Эссенің мақсаты — оқушылардың санасында бейбітшілік, келісім мен өзара құрметтің маңыздылығын қалыптастыру, сондай-ақ діни экстремизм мен радикализацияға қарсы тәрбиелік мән беру. Мұғалімнің бұл әрекеті оқушыларды экстремизмнің зиянды әсерлерінен қорғап, дұрыс таңдау жасауды үйретуді көздейді.Тәрбиелік мәні – бұл эссе арқылы жастарға адамгершілік құндылықтарды, әлеуметтік жауапкершілік пен бейбіт өмірге деген құрметті дамыту. Сонымен қатар, оларды өз ойларын еркін білдіру, қоғамдағы түрлі көзқарастарды құрметтеу мен түсінуге бағыттайды.Бейбітшілік таңдауымыз керек, өйткені тек осылай ғана қоғамда тыныштық, келісім және бірлік орнайды!






Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында анонимдік сауалнама жүргізілді. «Сенім және қауіпсіздік» тақырыбы аясында өткен сауалнама оқушыларымыздың мектептегі қауіпсіздік және өздерін қалай сезінетіндері туралы пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді.Сонымен қатар, мектептің «Сенім жәшігіндегі» хаттар арқылы да көтерілген мәселелер қаралды. Біз үшін маңыздысы, осы уақытқа дейін оқушыларымыздан ешқандай шағым түспегені. Бұл біздің мектептегі атмосфераның жалпы алғанда сенімді және қауіпсіз екенін көрсетеді.Бұл нәтижелер мектеп ұжымының бірлескен жұмысының жемісі. Алдағы уақытта да оқушыларымыздың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігіне баса назар аударуымыз керек.Біздің басты мақсатымыз — әр оқушының өзін қауіпсіз сезінуі және сенімді ортада білім алуы.

«Қамқор» жобасы аясында «Мейірімді жүрекпен» акциясы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен өткен қайырымдылық шараларының бірі болып табылады. Бұл іс-шаралар жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымының көңілін көтеріп, балалардың, жасөспірімдердің және барлық мектеп ұжымының арасында мейірімділік, көмек көрсету, қамқорлық пен әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін дамытуға бағытталған.Мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту:Оқушыларды мейірімділік, көмек көрсету және қиын жағдайда адамдарға қол ұшын беру сияқты қасиеттермен таныстыру.Ұжымдық ынтымақтастықты арттыру: Мектеп ішіндегі бірлікті нығайту, оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастық орнату.Шара мектептің өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен ұйымдастырылды
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» тақырыбында қауіпсіздік сабағы аясында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру, табиғат аясында өзін қауіпсіз ұстау ережелерімен таныстыру және экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақ барысында мұғалім тарапынан түсіндірме әңгіме жүргізіліп, табиғатты қорғау және қауіпсіздік ережелері бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сонымен қатар көрнекі материалдар қолданылып, оқушылардың тақырып бойынша пікірлері тыңдалды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді.Сабақ соңында табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті екені, ал қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бөлігі екені қорытындыланды. Өткізілген сынып сағаты оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қауіпсіздік туралы білімдерін нығайтуға ықпал етті

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 1–11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері «Қауіпсіздік ережелері», оның ішінде қыс мезгілінде демалысқа шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға қысқы кезеңде жиі кездесетін қауіптердің бірі – көктайғақ пен мұз үстіндегі қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.Оқушыларға көктайғақ кезінде зардап шекпеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі айтылды:мұздың үстімен топтасып жүргенде бір-бірінен 5–6 метр алшақ жүру керектігі;алғашқы болып мұз үстімен ең жеңіл адамды жіберу, оған алдын ала құтқаруға арналған құралдар (мысалы, құтқару кеудешесі) кигізу қажетті,тыйым салынған жерлерден, сондай-ақ су қоймаларындағы мұздың үстімен өтуге болмайтыны;мұздың беріктігін тексеру үшін оны аяқпен жаруға қатаң тыйым салынатыны;мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақындамау керектігі;мұздың бір бөлігінде топталып тұрмау қажеттігі;
шанамен немесе шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанауға болмайтыны түсіндірілді.Сынып сағаты барысында аталған ережелерді сақтаудың адам өмірі мен денсаулығын қорғаудағы маңызы айтылып, оқушыларға қыс мезгілінде сақтық шараларын ұстану керектігі ескертілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы оқушылардың қауіпсіздік туралы білімін арттыруға бағытталды.Оқушыларға бейне көрсетілім, презентация арқылы толық түсіндірілді

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 2025 ж 23.12 күні 10–11 сынып оқушыларына арналған АПҚО аясында «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін» тақырыбында №1 сабақты сынып жетекшісі Жумабаев Э.У өткізіді.Сабақтың мақсаты – оқушыларда зорлық-зомбылықтың түрлері мен жеке шекара ұғымы туралы түсінік қалыптастыру, қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту.Сабақ барысында оқушылар зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, жыныстық және кибер түрлерімен танысты. «Миф және шындық», «Қарым-қатынастағы сигналдар», «Таңдаудың үш аймағы», «Safe Space Lab» жаттығулары арқылы жеке шекараның бұзылуын анықтау және өзін-өзі қорғау жолдарын үйренді.Сабақ интерактивті түрде өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен, қауіпсіз және сенімді ортада ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылар өз құқықтарын қорғау мен сындарлы әрекет ету дағдыларын меңгерді.
Ынтымақ ЖББМ-де 2025 ж 23.12 күні 10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған АПҚО аясында «Жеке шекара және қолдау: жасөспірімге қиындықтарды жеңуде қалай көмектесуге болады» тақырыбында №1 сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты – ата-аналарға жасөспірім кезеңіндегі жеке шекараның, психологиялық қолдаудың маңыздылығын түсіндіру және бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.Сабақ барысында ата-аналар жасөспірімнің жеке шекаралары, қолдау мен бақылаудың айырмашылығы, ата-аналық реакциялардың баланың эмоционалды жағдайына әсері туралы ақпарат алды. «Менің түсінгім келеді…», «Жасөспірімнің шекарасына менің реакцияларым», кейстерді талдау және топтық жұмыстар арқылы ата-аналар өз қарым-қатынас стилін саралап, қолдаудың тиімді тәсілдерін меңгерді.Сабақ соңында ата-аналарға «Жасөспірімнің жеке шекарасын қалай бұзбауға болады» тақырыбында жадынама ұсынылып, рефлексия жүргізілді. Іс-шараны мектеп психологы Әлмағанбетова А. және әлеуметтік педагог Жаубекова А.Ж. өткізді.
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде «Жасыл» клубының жұмысы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.Атап айтқанда,жетекші Балтабекова Ә.Ш жыл қарсаңында «Таза сынып – таза ой» акциясы ұйымдастырылып, оқушылар өз сынып бөлмелерінің тазалығын сақтауға белсене атсалысты. Олар сыныптарды жинақтап, гүлдерді суарып, оқу ортасының көрікті әрі жайлы болуына үлес қосты.Сонымен қатар, қоңырау уақыттарында оқушылар арасында экологиялық викторина өткізілді. Викторина ойын түрінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау тақырыптарында қызықты сұрақтар қойылды. Бұл іс-шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, экологиялық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.Өткізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін нығайтып, тазалық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларының қатысуымен сынып сағаты ретінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында патриоттық тақпақтар айтылып, билер биледі. Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған шығармашылық жұмыстар көрсетіледі. Сынып сағаты ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

