Оқу процесі

Әдістемелік кеңес жұмысы

https://yntymaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/10/2025-2026-МІБ-айға-бөлінген-жоспары.docx

2025-2026 оқу орынбасары жоспар (1)

https://yntymaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/10/2025-2026-МІБ-айға-бөлінген-жоспары.docx

2025-2026 МІБ жоспары (1)

https://yntymaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/10/2025-2026-МІБ-айға-бөлінген-жоспары.docx

2025-2026 МІБ айға бөлінген жоспары

https://yntymaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/10/2025-2026-МІБ-айға-бөлінген-жоспары.docx

15-19желтоқсан аралығында өткен математика,физика,информатика пәндері апталығының ашылу сәті

19желтоқсан күні 5сыныпта Ж Есенбектің өткізген ашық сабағы

ҰБТ түсіндірме жұмыстары

Физика-математика апталығында өткен көңілді үзілістерден үзінді

Әліппемен қоштасу

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 16–20 ақпан аралығында химия, биология және география пәндері апталығы аясында «Көңілді қоңырау» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шараның мақсаты – оқушылардың үзіліс уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, бір-біріне деген сенімділік пен ұйымшылдықты қалыптастыру. Қызықты тапсырмалар мен танымдық ойындар арқылы оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін шыңдады.

Нәтижесінде білім алушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, жаратылыстану пәндеріне деген ынтасы арта түсті

Ұйымдастырушы:Жумабаев Э.У

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 2026 жылғы 16–20 ақпан аралығында химия, биология және география пәндері апталығы өткізілді. Апталық аясында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және еңбекке баулу мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 11-сынып оқушылары оқу кабинеттеріндегі гүлдерді отырғызу және күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Оқушылар кабинет ішін көгалдандыруға белсенді қатысып, тазалық пен ұқыптылықты сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Өткізілген шара нәтижесінде білім алушылардың табиғатты аялау мәдениеті қалыптасып, экологиялық жауапкершілігі арта түсті.

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 2026жылдың 25ақпан күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Шегебаева ақпан айының кезекті білім сапасын арттыруға кедергі келтіретін факторларды анықтау, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін арттыру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Әдістемелік кеңес отырысын өткізді.Отырыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер:

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1. «Сапалы білімге кедергі келтіретін факторлар» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Шегебаева дөңгелек үстел ұйымдастырып, білім сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талқылады. Педагогтер өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.
2. «Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында математика және физика пәндерінің мұғалімі А. Шынарбек өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушылармен жеке жұмыс жүргізу тәсілдері, қосымша тапсырмалар беру, саралап оқыту әдістері туралы баяндады.
Әртүрлі мәселелер бойынша:
а) «Эссе жазу элементтері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Н. Елеусизова эссе құрылымы, тақырыпты ашу жолдары, ойды жүйелі жеткізу тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ә) BilimClass электронды журналының толтырылу жағдайы мен енгізілген өзгерістер туралы А.Б.Шегебаева ақпарат беріп, мұғалімдерге нақты нұсқаулықтар ұсынды.
б) Таңдаулы пәндердің жүргізілуі туралы А.Б.Шегебаева хабарлама жасап, олардың сапалы ұйымдастырылуына тоқталды.

2026жылдың 24 ақпаны күні «Жаңа мектептке-жаңашыл ұстаз»атты жас педагогтердің УІІІ Республикалық байқауының аудандық кезеңіне Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Елубайқызы Мұқашева қатысып «Бас жүлде» жеңіп алып,облыстық кезеңге жолдама алды.Айсұлу Елубайқызын құттықтай отырып,облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз