ЫНТЫМАҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің "Ынтымақ жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Басшылық
Мектеп директоры
Тезекбаева Актоты Аманжоловна
Заңды мәліметтер
БСН (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
021240007921
Тіркелген күні
Негізгі қызметі (ЭҚЖЖ)
85310: Негізгі және жалпы орта білім беруp>
Мекенжай ақпараты
Заңды және нақты мекенжай
100506 Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы,Сәкен Сейфуллин аулдық округы,ынтымақ ауылы,женіс көшесі 10шы ғимарат.
Елді мекеннің атауы
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы,Сәкен Сейфуллин аулдық округы, Ынтымақ ауылы.
Біздің әлеуметтік желілер
Ұйым жаңалықтары
Құттықтаймыз!* 2025 жылғы *17 қыркүйек күні* дарынды оқушыларды қолдау мақсатында өткен 8–11 сынып оқушыларына арналған республикалық *"Махамбет оқулары"* ғылыми-шығармашылық байқауының *аудандық кезеңінде* *"Ел құтқарған ер едің..."* номинациясы бойынша *III орын* иеленген *Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің* 8-сынып оқушысы *Дәулетбай Маржан* және жетекшісі *Елеусізова Қорлан* марапатталды. Осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, *Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің ұжымы* шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейді!
Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің ұжымы атынан облыстық "Жұлдызай-2025" спорттық турнирінде жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! * Асық ату спорт түрінен ІІ орын иеленген — Аманқан Нұрраянды, * Жеңіл атлетикадан І орын иеленген — Диқанбай Нұрым пен Нұртайұлы Жайсанды . Сіздер мектебіміздің ғана емес, туған өлкенің де абыройын асқақтатып, үздік нәтиже көрсетіп, үлгі болдыңыздар! Алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз.
Slide Heading
Сәтбаев қаласының әкімдігі, Ұлытау облысы білім басқармасы және "Қазақстан Кетбұқасы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жас өлкетанушылар конкурсына қатысып, ІІІ дәрежелі диплом мен 20 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификатқа ие болған Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Берік Назерке Саламатқызын шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – білімге деген ынта мен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сондай-ақ, шәкіртінің табысты өнер көрсетуіне жетекшілік еткен география пәнінің мұғалімі Балтабекова Әсем Шайхбековнаға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге шығармашылық табыс, толағай жеңістер мен жаңа белестер тілейміз! Елінің тарихын, туған жерінің шежіресін танып-білуге деген қызығушылығыңыз әрдайым арта берсін!
Ынтымақ орта мектебінің ата-анасы Жакупбекова Айнұр Жеңіскалиевна! Мектептің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысқаны үшін, ұл-қыздарына ұлағатты тәрбие, өнегелі үлгі көрсеткені үшін Жаңаарқа ауданының білім бөлімі тарапынан алғыс хатпен марапатталғанын қуанышпен хабарлаймыз. Ата-аналық жауапкершілігімен, мектеппен тығыз байланыс орнатып, білім мен тәрбие жолындағы істерге жанашырлықпен қарайтын Сіздей ата-аналар – мектебіміздің тірегі. Осындай жетістігіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Ынтымақ орта мектебі ұжымының атынан үлкен алғыс білдіреміз!
Дарынды балаларды қолдау және талантты жастарды анықтау мақсатында 9–11 сынып оқушылары арасында өткен "Ақберен" республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде "Эссе жазу" номинациясы бойынша І орынға ие болған Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Абликаова Зере мен оның жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елеусізова Қорланды шын жүректен құттықтаймыз!
2025 жылғы 12 қазан күні өткен "Қайратпен 50 қадам" – "100 мектеп" аймақтық жобасы аясында ұйымдастырылған оқушыларға арналған жобалық байқауға белсене қатысқаны үшін 10-сынып оқушысы Абдикова Зере ерекше алғыс хатпен марапатталып, арнайы жүлде – 50 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.Абдикова Зере байқау барысында шығармашылық ізденісімен, ауыл тақырыбындағы өзекті мәселені терең қозғауымен және жобасын дәлелді әрі мазмұнды қорғауымен көзге түсті.Осы орайда мектеп әкімшілігі мен ұжымы атынан Зеренің жетістігін шын жүректен құттықтаймыз!Білімге деген ынта-жігерің артып, алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болсын!
Ұлытау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2025 жылғы 2 қазандағы № ДЭР-20-06-06/929-И хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтарды түрлі алаяқтық схемаларға тартудың алдын алу мақсатында 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында https://amlacademy.kz/finiq платформасында Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық тест-диктант ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны қолдау мақсатында "Ынтымақ" жалпы білім беретін мектебінің 6–11 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжымы белсенді қатысып, платформада тест-диктанттан өтіп, сертификаттар мен дипломдарға ие болды.
19.11.2025 ж. Ынтымақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Абдикова З.Ж. «Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжі» КММ-нің 65 жылдық мерейтойына және «2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған «Жас Media Designer» колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасындағы аудандық Jas Skills сайысында І дәрежелі дипломмен марапатталды.Бұл жетістік – білімділігімен, шығармашылық қабілетімен, еңбекқорлығымен көзге түскен оқушымыздың зор еңбегінің нәтижесі.Ынтымақ орта мектебінің ұжымы Абдикова З.Ж.-ға мектеп намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдіреді.Жеңісің құтты болсын, биік белестерді бағындыра бер!
Жаңаарқа ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9–11 сынып оқушылары (ұлдар) арасында өткен волейбол жарысында Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістік – мектебіміздің намысын қорғап, бірлігі мен шеберлігін танытқан оқушыларымыздың табанды жаттығулары мен ұйымшылдығының нәтижесі.Осы орайда мектеп ұжымы жарысқа қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымызға және олардың жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Түкенов Н.С зор алғысын білдіреді.Жарысқа белсене қатысып, мектебіміздің абыройын асқақтатқан оқушылар:9-сыныптан Берік Е., Әбдрахманов Ғ., Сартбай А., Ғалымжан Н., Артықбай Н., Келден И., Серікбай Ж., Байзкен Е.10-сыныптан Болат Д., Аманқан Н.Сіздердің командалық рухтарыңыз, табандылықтарыңыз бен спортқа деген қызығушылықтарыңыз – мектеп мақтанышы!Жетістіктеріңіз құтты болсын! Алдағы жарыстарда да тек биіктен көріне беріңіздер!
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай ұйымдастырылған "Менің Қазақстаным" республикалық сурет салу байқауының аудандық кезеңінде Ынтымақ ЖББМ оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, 2-сынып оқушысы Карифулла Аманжол Медетұлы мен 4-сынып оқушысы Құдайберген Аяла Ақанқызы өз жұмыстарымен ерекшеленіп, І орынға ие болды.Мектеп ұжымы атынан жас таланттарымызды осы жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз. Оқушылардың өнерін қолдап, бағыт-бағдар берген ұстаздары мен ата-аналарына зор алғыс білдіреміз.
Slide Heading
2025 ж 01 желтоқсан күні Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде 1–11 сыныптар арасында бірыңғай «Есірткісіз балалық шақ» тақырыбы және жол қауіпсіздігі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (1–4 сыныптарда – ЖЖЕ, 5–8 сыныптарда – ЖҚЕ) сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағатының алғашқы бөлігі «Есірткісіз балалық шақ» тақырыбына арналды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны туралы түсінік беру, зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтының маңыздылығын ұғындыру болды. Іс-шара тәрбиелік тұрғыдан оқушылардың жауапкершілігін арттыруға, дұрыс шешім қабылдауға, жаман әдеттерге қарсы тұра білуге бағытталды. Сабақ барысында түсіндіру, сұрақ-жауап, бейнематериалдар көрсету, топтық талқылау, пікір алмасу және жағдайлық тапсырмалар сияқты әдістер қолданылды.Келесі бөлім – жол қауіпсіздігі ережелеріне арналды. Бастауыш сыныптарда (1–4 сыныптарда) ЖЖЕ бойынша, ал 5–8 сыныптарда ЖҚЕ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл сабақтардың мақсаты – оқушылардың жолда жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру, жол белгілерін білуге үйрету және қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолдана білуін қамтамасыз ету болды. Тәрбиелік мәні – оқушылардың қоғамдық тәртіп пен жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын дамыту. Сабақтарда көрнекіліктер пайдалану, бейнероликтер көрсету, практикалық тапсырмалар орындау, рөлдік ойындар және ситуациялық талдау әдістері қолданылды.Сынып сағаттарының соңында барлық сыныптарда қосымша 10 минуттық қауіпсіздік нұсқаулығы өтті. Онда қысқы кезеңдегі қауіпсіздік талаптары, мектеп ішіндегі тәртіп, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық және тұрмыстық жарақаттардың алдын алу туралы қысқаша нұсқаулық берілді.Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жеке жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Қарағанды қаласында өткен «STAR FEST» республикалық балалар фестивалінде тамаша өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсеткен Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің оқушылары – Құдайберген Інжу Ақанқызы мен Берікқызы Айшаға алғыс пен мақтаныш сезімімізді білдіреміз! 10–14 жас аралығында аспапта ойнау бағыты бойынша «Дала рухы» күйін шебер орындап, көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанулары – үлкен еңбектің, талпыныстың және өнерге деген сүйіспеншіліктің жемісі.Бұл жеңіс – тек шәкірттердің ғана емес, ата-аналарының және өнер мектебінің еңбегінің нәтижесі.Жас таланттарымыз «SMART» өнер мектебінің тәрбиеленушілері ретінде де өнердің биік деңгейін көрсетіп, мектебіміздің мәртебесін асырды. Інжу мен Айшаға Өнер жолындағы алғашқы жеңістеріңіз құтты болсын! Шабытыдарың тасып, болашақта биік сахналарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! Жұлдыздарыңыз әрдайым жарқырай берсін!
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жобасы аясында ұйымдастырылған облыстық «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты балалар арасындағы сурет салу байқауына белсене қатысқан.Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хат иегерлері: • 5-сынып оқушысы – Зарлық Д. • 6-сынып оқушысы – Зарлық Е. • 5-сынып оқушысы – Арипбек М. • 7-сынып оқушысы – Аманкелді Д. Жетекшісі: Әкімжанов М.З. Оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
2025 жылғы 18-19 қараша күндері « Дүниежүзілік балалар күніне» орай және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі жобаларды іске асыруды бақылаудың 19-тармағына сәйкес, Ынтымақ жалпы білім беру мектебінде «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» республикалық акциясы өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынудың, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жеке қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру.Акция аясында мектептің 7–11-сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылып, «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазу жұмысы жүргізілді. Мұғалімдер оқушыларға құқықтық мәдениет, қауіпсіз мінез-құлық ережелері, құқық қорғау органдарының қызметі туралы ақпарат беріп, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара оқушылардың құқықтық білімін кеңейтуге, жауапкершілік сезімін дамытуға және қауіпсіздік қағидаларын саналы түрде ұстануға ықпал етті. Акцияға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, мазмұндама жазу барысында өз ойларын еркін жеткізіп, заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын атап өтті.

Ұйым материалдары
Ынтымақ-сыбайлас жем алдын алу жұмыстары
https://yntymaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/12/Ынтымақ-сыбайлас-жем-алдын-алу-жұмыстары.docx
Табылмады

