Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек — алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Сөзін жазғаңдар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің — Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай, 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ынтымақ ЖББМ ғимарат төбесіндегі орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тудың жарамсыздығына байланысты және одан әрі пайдалануға жатпауына байланысты жою.

05.03.2025 ж

(2024-25) Рәміздерді насихаттау

https://yntymaq.edu.kz/wp-content/uploads/2025/09/2024-25-Рәміздерді-насихаттау.pdf

“Менің Отаным-Қазақстан” атты мерекелік кеш

24.10.23 ж “25 қазан Республика” күніне орай бір мезетте "Open Voice", ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалды. Республика күні мерекесіне орай “Менің Отаным-Қазақстан” атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеш мемлекеттік әнұранмен басталып, артынан көңілашар ән, билер көрермендердің көңілінен шығып, іс-шара жоғары деңгейде болды.

«Тәуелсіз ел бейнесі» сурет байқауы

7-11.12.23ж  «Таным.Тағылым.Тәрбие», «Тәуелсіз ел бейнесі» сурет байқауы өтті. Тәуелсіздік мерекесіне орай сапта тұру жиыны өткізілді. 3-5-сынып оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау сапта тұру жиыны өтті.

«Көк тудың желбірегені» сынып сағаттары

12-15.12.23 ж «Көк тудың желбірегені» сынып сағаттары өткізілді. 5-6-сыныптар арасында «Қазақстан – біртұтас  жер, біртұтас  халық, біртұтас  болашақ» тимбиллдинг өтсе, 9-11-сыныптар арасында «Тарих пен тіл тамырлас» атты іс-шара өтті. Өткізілген шаралар «Жеткіншектің Жеті жарғысы», «тоғыз айға тоғыз іс-шара» жобалары бойынша өткізілді. 7-8-сыныптар арасында «Жастар және қоғам» пікірталас тәуелсіздік тақырыбында «Бұхарекең  жырлайды» мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Ынтымақ ЖББМ ғимарат төбесіндегі орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тудың жарамсыздығына байланысты және одан әрі пайдалануға жатпауына байланысты жою.

Slide 1 Heading
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipiscing elit dolor
Click Here
Slide 2 Heading
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipiscing elit dolor
Click Here
Slide 3 Heading
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipiscing elit dolor
Click Here

ХАБАРЛАМА


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жою және ауыстыру туралы
«Ынтымақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2025 жылғы «27» тамыз күні ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Туды жою және ауыстыру жөнінде комиссия отырысы өтті.Тексеру барысында мектеп ғимаратының төбесінде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тозғаны және белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты, Мемлекеттік Туды одан әрі пайдалануға болмайтындығы туралы шешім қабылданып, ол қайта қолдануға жол бермейтін тәсілмен — өртеу арқылы жойылды.Рәміздерді жою және ауыстыру рәсімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №862 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізілді. Жойылған Туға қатысты тиісті акт пен хаттама ресімделді.Мемлекеттік рәміздердің жаңалары бір жұмыс күні ішінде орнатылды. Жауапты тұлғалар:
Тезекбаева А.А – мектеп директоры, комиссия төрағасы
Таженова Г.М – комиссия хатшысы
Шегебаева А.Б – оқу ісі жөніндегі орынбасар
Сейдуалина А.У – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
Беспаев С.Т – шаруашылық меңгерушісі
Мунжасарова Ғ.Е – тарих және құқық пәні мұғалімі

Slide 1 Heading
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipiscing elit dolor
Click Here
Slide 1 Heading
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipiscing elit dolor
Click Here
Slide 1 Heading
Lorem ipsum dolor sit amet consectetur adipiscing elit dolor
Click Here
Slide Heading
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.
Click Here